Меню KDT

Новости

Құттықтау

ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да булек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда түгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Просмотров: 394

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Жукенова Жанар Малшибаевна

Опрос

Статистика

  • Осы айда38
  • Осы аптада8
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки