Меню KDT

Новости

Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Қымбатты достар!

Жеңіс күні біздің еліміздің азаматтары үшін көп жыл бойы ең ардақты мереке болды. Ұлы Отан соғысында 72 жыл бұрын осы күні бүкіл совет халқы фашистік Германияны жеңді. Берлиннің маңайында 1945 жылы 9 мамырында вермахттың толық түрде қарсыластықсыз тізе бүгу туралы акт жазылды. Жеңіс салтанаты шексіз әсерлі болды, ол бүгінгі таңға дейін сол әсерінен айырылған емес. Жеңіс күні қазіргі тарихымызда бөлек өз орнын тапты. Алайда ұлы жеңіске жетудегі Кеңес Одағы халқының берген құны өте жоғары болды, соғыста 20 миллионнан аса адам қаза тапты, әр қазақстандық отбасының есте мәңгілікке қалған батыр туысы бар...

Отан соғысы барысында майданға соңғы мәліметтер бойынша 1196164 қазақстандық жұмылдырылған, сол кезде республикамызда елдің саны  6,5 миллион адам болған, сонымен тұрғандардың 20% соғысқа қатысты. Майданда қаза тапқандардың саны жалпылай түрде 601939 адам болды, ол елдің жалпы санының 12% құрайтын.

Кеңес халқыңың қаһармандығына құрмет көрсету үшін 9 мамыр күні жыл сайын Қазақстанның барлық қалаларында, аудандарда салтанатты шаралар өткізіледі. Осы күні майдангерлер мен еңбек ардагарлері бірі-бірімен кездеседі, өкінішке орай, олардың саны жылдан жылға азайып келе жатыр. Ескерткіштерге гүлдер апарылады, Жеңіс салюті болады.

Барлық қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, баршаңызға бейбітшілік, бірлестік пен бақыт тілейміз! Ұлы Жеңіс күні ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі жалғаса берсін!



Просмотров: 394

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Жукенова Жанар Малшибаевна

Опрос

Статистика

  • Осы айда20
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки